Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
8 мамыр 2024 жыл, сәрсенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 1 наурыз айында Семей қаласында 672 ИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні

Жыл сайын көктемнің соңғы айының үшінші жексенбісінде әлемдеЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі, 2022 жылы  бұл күн 15 мамырда «Біздің жадымызда!» «Біз әрекет етеміз!» Біз АИТВ індетінен көппіз»! ұранымен өтеді.Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні індеттен қайтыс болғандарды еске алу, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдармен ынтымақтасу, қоғамды ақпараттандыру және жұмылдыру, АИТВ індеті әрқайсымызға әсер етуі ықтимал деген ойды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Бірнеше онжылдықта бұл ауру 35 миллионнан астам адамның өмірін қиды. Оларды еске алу мақсатында қоғамдық кампаниялар, тақырыптық акциялар, іс-шаралар өткізіліп тағы да назар аударуға бағытталған АИТВ-жұқпасының мәселесі туралы теле- және радиобағдарламалар көрсетіледі.

  Семей қаласында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды Дүниежүзілік еске алу күніне орай медицина қызметкерлері, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының белсенділері, АИТВ-жұқпасы бар адамдар қатысып, халықтың кең ауқымы үшін танымдық сипаттағы дәрістер, деректі фильмдердің тақырыптық көрсетілімдерін ұйымдастырады. Еріктілер ЖИТС-ке қарсы күресуге бағытталған алдын алу жұмыстар жүргізеді.

  Бірақ бұл күнде өмір туралы айтқымыз келеді! Заманауи әлемде ЖИТС-тен өлім болмау да мүмкін. АИТВ-жұқпасы – бұл әлі емделмейтін созылмалы жұқпалы ауру, сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өмір бойы үнемі медициналық көмекке мұқтаж. АИТВ/ЖИТС-тің негізгі емі бұл антиретровирустық терапия (АРТ), бұл ем өмір бойы күн сайын жалғасуы тиіс. АРТ жұқпаны тиімді басады және аурудың соңғы кезеңіне- ЖИТС сатысына өтуіне жол бермейді. Бұл ұзақ, толыққанды және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді.

 01.04.2022 жылда Қазақстанда АИТВ-жұқпасының 47392 –ден астам жағдайы тіркелді, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 4939, Семей қаласы бойынша 1997 жылдан бастап АИТВ-жұқпасын жұқтырған бірінші азамат анықталған кезінен- 558 жағдай тіркелді.

Семей аймағы бойынша 2022 жылдың 1 мамырына 1997 жылы 1 жағдай тіркелгеннен бері өсу нәтижесімен 558 АИТВ-жұқтырған анықталды. «Д»есепте 399 адам тұрады. Ағымдағы жылдың 4 айында  9 жағдай анықталды, жұғу жолдары бойынша : 66.7% (6 жағдай)- жыныстық қатынас арқылы, 33.3% (3 жағдай)- инъекциялық есірткі арқылы.2020-2022 жылдары тік және анықталмаған таралу жолдары  тіркелген жоқ.

Жұқтырудың негізгі жолы жыныстық гетеросексуалдық жол болып қалуда- 55,6%.

АИТВ-жұқпасының ерте анықталғаны табысты емдеу мүмкіндігін арттырады. Ал, бұл өз кезегінде, денсаулық пен жақсы хал-жағдайды сақтауға көмектеседі.