Телефон доверия:
8 (7222) 52-21-49
Телефон доверия:
8 (7222)
52-21-49

ВИЧ / СПИД - УЗНАЙ СЕГОДНЯ,
ЧТОБЫ ЗАЩИТИТЬСЯ ЗАВТРА

Никогда не поздно, никогда не рано -
поменять все планы, если это надо

Басшы блогі

Диканбаев Акылжан Шайдоллаевич
Қол жетімді бас дәрігер

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жіберіңіздер жұмыс күндері сағат 9-00 ден 16-00 ге дейін

8 747 733 67 35
Күні мен уақыты
20 сәуiр 2024 жыл, сенбi
Эпид. жағдай

Өсу нәтижесімен 2024 жылдың 1 наурыз айында Семей қаласында 672 ИТВ-жұқтырған адам тіркелген. 15-49 жастағы азаматтар арасындағы АИТВ-жұқтырғандардың таралу көрсеткіші 0,15 %.

Пайдалы сілтеулер

Баспасөз-релизі

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні ЖИТС-ті болдырмау бағдарламасына арналған 1998 жылғы денсаулық сақтау министрлерінің Дүниежүзілік саммитінде жарияланды. Сол кезден БҰҰ-ның агенттіктері, мемлекеттер және азаматтық қоғам ЖИТС-ке қатысыты нақты мәселелеріне арналған кампанияларды өткізу үшін өз күштерін біріктіреді. 2018 жылғы 1 желтоқсанда өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы отызыншы күнінің тақырыбы «Өз статусыңды  біл» ұранымен өтеді. 1988 жылдан бастап ЖИТС-ке қарсы іс- кимыл бағдарламасында елеулі прогресске жетіп  бүгінгі күнге АИТВ-пен өмір сүрет адамдардың төрттен үш бөлігі өз статусын (мәртебесін) біледі. Бірақ та, әлі бірталай іс жасау керек-әсіресе өз статусын (мәртебелерін) білмейтін АИТВ-пен өмір сүретін адамдарды анықтап оларды сапалы медициналық көмекке және профилактикаға қолдарын жеткізу.

АИТВ-ні білдіретін стигманың бүкіл дүние бойынша әр түрлері бар және де оның ішіне кіретіні: зорлық, АИТВ-пен өмір сүретін адамдарды қабыл алмау, оларға кемсітушілік көрсету және олардан қашқақтау. Көптеген жағдайларда стигма және кемсітушілік АИТВ-пен өмір сүретін адамдардың профилактикаға, емделуге және қолдау алуға қол жетімділігін қиындатады, соған қарай олардың оқуға және жұмысын жалғастыруға мүмкіндіктері азаяды.  

АИТВ-пен өмір сүретін адамдар үшін стигманың ең қорқыныш белгісі бұл оның статусын (мәртебесін) ашып айту. Көбінесе адамдарға АИТВ-тің оң нәтижелі диагнозы -бұл қатты күйзеліс. Стигма және кемсітушілік мінез-құлыққа теріс әсер тигізеді: адамдар тест өтуден қашқақтайды, себебі бұл қызметтің құпиялығына сенбейді, олар антиретровирустық препараттар қыбылдағылары келмейді, себебі басқалары біліп қоюы мүмкін, медициналық мекемелерге тұрақты баруға қорқақтайды, себебі айналадағы адамдар күдіктене қарауы  мүмкін.

Барлық АИТВ-пен өмір сүретін адамдардың емге қол жетімділігін кеңейту, салауатты  және толымды өмір сүру мүмкіндігімен қамту үшін АИТВ-ға тестілеуден өткені өте маңызды. Жыл сайын әлемде халықтың әр түрлі кәсіпті және топтағы мыңдаған адам АИТВ-оң нәтижелі болып шығады. Олардың барлығы әр түрлі, бірақ олардың барлығын біріктіретін бір ерекшелігі бар - бұл күн сайын аурудың тек физикалық салдарымен ғана күресу емес, стигма, кемсітушілікке байланысты әлеуметтік салдарымен де күресу.  

Көп адамды қызықтыратын мәселе – бүгінде бүкіл дүниеде қаншама адамда ЖИТС ауруы бар? АИТВ жұқпасы бойынша бірінші орынға ие болған  Африка оңтүстігі, Үндістан, Ресей, АҚШ және Латын Америка мемлекеттері. Бұл елдерде барлық тұрғындар арасынан жұқтырылған адамдардын саны 15 % шамасында құрайды. Жыл сайын әлемнің елдерінде АИТВ-жұқтырғандардың саны 5-10 миллионға көбеиіп жатыр.  ХХІ ғасырдың басында әлемде ЖИТС науқастардың саны 60 миллионаннан астам құрады. ЖИТС  ауруымен бірінші орында Африка оңтүстік мемлекеттері.

      ДДСҰ сарапшыларының бағасы бойынша Қазақстан Республикасы қазіргі уақытта эпидемияның шоғырланған сатысында  және де тұрғындар арасындағы жұқпа таралу деңгейі 0,2%, құрайды, сондықтан Орта-Азиялық аймағының басқа елдерінен анағұрлым төмен.

2018 жылғы 1 қазан айына Қазақстанда 32285 АИТВ-жұқтырған тіркелінді. АИТВ-жұқпасының таралу қарқынын ұстау үшін тұрғындар және олардың осал топтары арасында алдын алу бағдарламалар жүзеге асырылады.  

Шығыс-Қазақстан облысы АИТВ-жұқтырғандардың саны бойынша 4-ші орынға ие болды, өңірде  2018 жылғы 1 қазан айына 3709 адам  анықталды .

 Семей қаласы бойынша   Алғашқы науқас анықталған 1997 жылдан  бастап 2018 жылдың 1 қазан айына дейін өсу нәтижесімен  416 АИТВ-жұқтырған анықталды.  Осы жылдың 10 айында 25 АИТВ-жұқтырған анықталды, оның ішінде 28% -бұл әйелдер. Барлық жағдайдың 76 %-нан  көбінесе 20-39 жастағы топта тіркелінді. АИТВ-жұқтырғандардың әлеуметтік-кәсіби құрамы мынадай: жұмыс істейтіндер- 60 %, жұмыс істемейтіндер- 28. Анықталған АИТВ-жұқтырғандардан көбінесе жыныстық берілу жолымен жұқтырылған -68%. Инъекциялық есірткілер арқылы жұқтырған науқастардың саны- 24% құрады .

     Өткізілетін кампания мақсаты: тұрғындардың барлығына, әсіресе жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары туралы, қоғамда науқастардың кемсітушілігін жою, дер кезінде медициналық көмегіне барып аурулардаң әбден жазылу және де өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілікті сезу туралы ақпараттандырудың деңгейін арттыру.

 Қазіргі кезеңде алдын алу іс-шаралардың маңызды құрамы уақтылы тестілеуден өту, себебі АИТВ-жұқпасын ерте анықталғаны тиімді ем алуға, АИТВ-пен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және басқа адамдарға АИТВ-ті жұқтыру қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді. 

Бұл кампания Республика бойынша 2018 жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін өтеді.

Қалалық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы серіктестерді айлыққа  белсеңді түрде қатысуға шақырады . АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселесі жөніндегі толық ақпаратты, кеңесті алу және АИТВ-ға тексеруден өту үшін ЖИТС орталығына келуге болады. ЖИТС орталығының қызметтері  тегін, жасырын, құпия түрінде  көрсетіледі. Семей қаласының  ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы: Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов, 24 көшесінде орналасқан. Тел.: 52-21-49.